Inventory number IRN Number of state registration
0325РК01580 AP26101317-KC-25 0125РК00590
Document type Terms of distribution Availability of implementation
Краткие сведения Gratis Number of implementation: 0
Not implemented
Publications
Native publications: 6
International publications: 5 Publications Web of science: 0 Publications Scopus: 0
Patents Amount of funding Code of the program
0 20360914 AP26101317
Name of work
Влияние культурных ценностей на формирование гендерных ролей жителей южных регионов Казахстана: традиционные и инновационные подходы
Type of work Source of funding Report authors
Fundamental Абдираманова Айгүл Темірханқызы
0
0
0
0
Customer МНВО РК
Information on the executing organization
Short name of the ministry (establishment) Нет
Full name of the service recipient
Некоммерческое акционерное общество «Кызылординский университет имени Коркыт Ата»
Abbreviated name of the service recipient НАО «Кызылординский университет имени Коркыт Ата»
Abstract

Изучить ценности, влияющие на формирование гендерных ролей в южных регионах Казахстана, и определить их роль и культурное влияние в современном обществе путем сравнения традиционных и инновационных подходов

Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі гендерлік рөлдердің қалыптасуына әсер ететін құндылықтарды зерттеу, дәстүрлі және инновациялық көзқарастарды салыстыру арқылы олардың қазіргі қоғамдағы рөлі мен мәдени ықпалын анықтау

Комплексное исследование динамики гендерных ролей среди населения южных регионов Казахстана в культурно-социальном, аксиологическом и кросс-культурном аспектах.

Қазақстанның оңтүстік өңірлері тұрғындарының гендерлік рөлдері динамикасын мәдени-әлеуметтік тұрғыдан талдау, аксиологиялық және кросс-мәдени тұрғыда кешенді зерттеу

В начальной части проекта собраны и проанализированы научные труды отечественных и зарубежных учёных, относящиеся к теоретической базе исследования. Эмпирическую основу исследования составляют результаты количественных и качественных методов исследования. Онлайн-опрос проводится на платформе Google Forms. Проводятся фокус-группы и глубинные интервью (face-to-face) с представителями научного сообщества, занимающимися проблемами в данной области. Полевые исследования проводятся в реальных условиях с использованием методов наблюдения и культурного портрета. В исследовании также используются методы анализа, сравнительного анализа и систематизации. Работа опирается на аксиологический и кросс-культурный анализ. Особенность этих методов заключается в том, что аксиологический анализ позволяет узнать о ценностных ориентациях граждан, а кросс-культурный анализ предполагает изучение закономерностей функционирования этнопсихики во взаимосвязи с культурными ценностями в формировании гендерных ролей

Жобаның бастапқы бөлігінде зерттеу жұмысының теориялық негізіне қатысты отандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми еңбектері жинақталып, талдау жасалады. Ал зерттеу жұмысының эмпирикалық негізін сандық және сапалық зерттеу әдістерінің нәтижелері құрайды. Онлайн сауалнама Google Forms платформасында өтеді. Фокус-топтар, осы бағыттағы мәселелермен айналысатын ғылыми орта өкілдерімен тереңдетілген сұхбат (face-to-face) жүргізіледі. Далалық зерттеу нақты өмір жағдайындағы нысандарда жүргізіліп, бақылау, мәдениеттанулық портрет әдісі қолданылады. Сараптау, компаративистік талдау, жүйелеу әдістері де зерттеу жұмысына арқау болады. Жұмыста аксиологиялық талдау және кросс-мәдени талдау басшылыққа алынады. Бұл талдаулардың ерекшелігі, аксиологиялық талдау азаматтардың құндылық бағдарларын білуге мүмкіндік берсе, кросс-мәдени талдау гендерлік рөлдердің қалыптасуындағы мәдени құндылықтарға байланысты этнопсихиканың қызмет ету заңдылықтарын зерттеуді қамтиды

Научная новизна проекта обусловлена ​​глубоким, объективным анализом трансформации традиционных и современных ценностей, влияющих на формирование гендерных ролей в южных регионах Казахстана. В ходе исследования изменения в системе ценностей оценивались во взаимосвязи с траекторией обновления казахского общества. Не ограничиваясь теоретическим описанием, в рамках проекта были организованы научные поездки и проведены эмпирические исследования, основанные на количественных методах. «Динамичность» ценностей была выявлена ​​посредством наблюдения за обществом в регионах. Научно доказана преемственность традиционной культуры и гендерных ролей. В южных регионах Казахстана национальная культура по-прежнему является основной культурной доминантой, определяющей гендерные роли. Кроме того, инновационные ценности, не вызывающие конфликтов и органично вписывающиеся в культурную среду, также сосуществуют с этой традиционной системой и способствуют обновлению гендерных моделей. Отмечена необходимость междисциплинарного анализа при изучении ценностей и гендерных ролей. Несмотря на богатство теоретической литературы по ценностям, символический и культурный мир гендерных ролей, включая их символические значения, изучен недостаточно. Научно обосновано, что для восполнения этого пробела необходим междисциплинарный подход, сочетающий методы культурологии и социологии

Жобаның ғылыми жаңашылдығы Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі гендерлік рөлдердің қалыптасуына әсер ететін дәстүрлі және заманауи құндылықтардың трансформациясын терең, объективті тұрғыдан талдаумен анықталды. Зерттеу барысында құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер Қазақстан қоғамының жаңару траекториясымен сабақтастырыла отырып бағаланды. Теориялық сипаттамамен шектелмей, жоба аясында ғылыми сапарлар ұйымдастырылып, сандық әдістерге негізделген эмпирикалық зерттеулер жүргізілді. Өңірлерде қоғамды бақылау арқылы құндылықтардың «динамикалық» сипаты анықталды. Дәстүрлі мәдениет пен гендерлік рөлдердің сабақтастығы ғылыми тұрғыдан дәлелденді. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ұлттық мәдениет әлі де гендерлік рөлдерді анықтайтын басты мәдени доминанта болып табылады. Сонымен қатар, қақтығыс туындатпайтын, мәдени ортаға табиғи түрде енген инновациялық құндылықтар да осы дәстүрлі жүйемен сабақтасып, гендерлік модельдердің жаңаруына ықпал етеді. Құндылықтар мен гендерлік рөлдерді зерттеуде пәнаралық талдаудың қажеттілігі, теориялық әдебиеттерде құндылықтар жөнінде материалдар мол болғанымен, гендерлік рөлдердің рәміздік-мәдени әлемі, оның ішінде рәміздік мәндері толық қамтылмағаны байқалды. Осы олқылықты толтыру үшін мәдениеттану, әлеуметтану әдістерін біріктіретін пәнаралық көзқарас қажет екені ғылыми негізделді

По результатам исследования разработаны рекомендации по обеспечению гармонии гендерных ролей и систем ценностей в казахстанском обществе. В частности, предложены пути предотвращения потенциальных ценностных конфликтов между традиционными культурными нормами и инновационными социальными ожиданиями в южных регионах, снижения гендерного непонимания между поколениями и формирования целостного, мобильного синтеза мультикультурализма в обществе. Рекомендации направлены на закрепление позитивного опыта культурной трансформации, формирование сбалансированной модели гендерных ролей и укрепление социального единства с учетом региональной специфики

Зерттеу нәтижелері негізінде Қазақстандық қоғамдағы гендерлік рөлдер мен құндылықтар жүйесі арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар әзірленді. Атап айтқанда, оңтүстік өңірлердегі дәстүрлі мәдени нормалар мен инновациялық әлеуметтік күтулер арасындағы ықтимал құндылықтық қақтығыстарды болдырмау, ұрпақтар арасындағы гендерлік түсінбеушіліктерді азайту және қоғамда көпмәдениеттіліктің интеграцияланған, мобильді синтезін қалыптастыру жолдары ұсынылды. Ұсынымдар мәдени трансформацияның оң тәжірибелерін күшейтуге, гендерлік рөлдердің теңгерімді моделін дамытуға және өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып әлеуметтік бірлікті нығайтуға бағытталған

В целях широкого распространения результатов исследования среди пользователей, научного сообщества и широкой общественности, исполнители проекта опубликовали и предоставили в открытый доступ свои научные труды, посвященные анализу влияния культурных ценностей на формирование гендерных ролей в южных регионах Казахстана. Результаты исследования были представлены научному сообществу посредством статей, опубликованных в рецензируемых научных журналах, что подтверждает актуальность изучения гендерных ролей в контексте традиционных и инновационных ценностей. Кроме того, основные выводы работы доведены до широкой аудитории в доступной форме и будут способствовать формированию общественного мнения о трансформации гендерных ценностей в обществе

Пайдаланушылар, ғылыми орта және қалың жұртшылық арасында зерттеу нәтижелерін кеңінен тарату мақсатында жоба орындаушылары Қазақстанның оңтүстік өңірлеріндегі гендерлік рөлдердің қалыптасуына мәдени құндылықтардың ықпалын талдауға арналған ғылыми еңбектерін жариялап, олардың қолжетімді болуын қамтамасыз етті. Зерттеу нәтижелері рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар арқылы ғылыми қауымдастыққа ұсынылып, дәстүрлі және инновациялық құндылықтар контекстінде гендерлік рөлдерді зерттеудің өзектілігін дәлелдей түсті. Сонымен қатар, жұмыстың негізгі тұжырымдары көпшілік аудиторияға түсінікті форматта жеткізіліп, қоғамдағы гендерлік құндылықтар трансформациясы туралы қоғамдық пікірдің қалыптасуына ықпалы болады

Результаты исследования помогут выявить проблему и четко понять факторы изменения ценностей в обществе

Зерттеу нәтижелері қоғамдағы құндылықтардар өзгерістеріндегі мәселенің анықталуына және факторларын нақты түсінуге көмектеседі

Профессорско-преподавательский состав вузов, студенты, магистранты, докторанты, субъекты научной деятельности

ЖОО профессор-оқытушылар құрамы, студенттер, магистранттар, докторанттар, ғылыми қызмет субъектілері

UDC indices
008
International classifier codes
13.00.00;
Key words in Russian
гендерная специфика; ценность; культура; неравенство; традиция;
Key words in Kazakh
гендерлік ерекшелік; құндылық; мәдениет; теңсіздік; дәстүр;
Head of the organization Каримова Бейбиткуль Сарсемхановна кандидат филологических наук / -
Head of work Абдираманова Айгүл Темірханқызы Кандидат философских наук / доцент по культурологии