Inventory number IRN Number of state registration
0325РК00564 AP25796807-KC-25 0125РК00210
Document type Terms of distribution Availability of implementation
Краткие сведения Gratis Number of implementation: 0
Implemented
Publications
Native publications: 1
International publications: 0 Publications Web of science: 0 Publications Scopus: 0
Patents Amount of funding Code of the program
0 10000000 AP25796807
Name of work
Гельминтозы сайгаков и разработка ветеринарно-профилактических мероприятий в условиях неволи
Type of work Source of funding Report authors
Applied Қожаева Айгерім Романқызы
0
0
0
0
Customer МНВО РК
Information on the executing organization
Short name of the ministry (establishment) МНВО РК
Full name of the service recipient
Некоммерческое акционерное общество "Шәкәрім университет"
Abbreviated name of the service recipient НАО "Шәкәрім университет"
Abstract

Объектами исследования: сайгаки, мелкий рогатый скот, гельминт

Зерттеу нысандары; киіктер, ұсақ мал, гельминттер.

Цель проекта – изучить гельминтофауну сайгаков и разработать ветеринарно - профилактические мероприятия при гельминтозах сайгаков в условиях неволи.

Жобаның мақсаты - киіктердің гельминтофаунасын зерттеу және тәлімбақтағы киіктердің гельминтозына қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды әзірлеу.

Исследования проводились в полевых и лабораторных условиях. Было собрано 100 проб фекалий от сайгаков Уральской популяции, обитающих в естественной среде, и 50 проб от животных, содержащихся в полу-вольных условиях питомника «Aqboken». Все образцы были промаркированы в соответствии с санитарными требованиями и доставлены в лабораторию. Фекальные образцы исследовались с применением флотационного метода, а также методов Фюллеборна, Дарлинга и Бермана. Эти методы использовались в зависимости от эффективности при выявлении яиц и личинок гельминтов. Дополнительно проведены патологоанатомические исследования с использованием методов В. Г. Шора и К. И. Скрябина, что позволило определить локализацию паразитов и характер патологических изменений. На молекулярном уровне применялся метод ПЦР для выявления ДНК простейших паразитов. Полученные данные позволили оценить особенности распространения паразитов в природных и полувольных популяциях сайгаков.

Зерттеу жұмыстары далалық және зертханалық жағдайда жүргізілді. Орал популяциясындағы табиғи ортада мекендейтін киіктерден 100 нәжіс сынамасы және «Aqboken» тәлімбағындағы жартылай ерікті жағдайда ұсталатын киіктерден 50 сынама жиналды. Барлық үлгілер санитариялық талаптарға сай таңбаланып, зертханаға жеткізілді. Нәжіс сынамалары флотациялық, Фюллеборн, Дарлинг және Берман әдістерімен зерттелді. Бұл әдістер гельминт жұмыртқалары мен дернәсілдерін анықтаудағы тиімділігіне қарай қолданылды. Сонымен қатар, патологоанатомиялық зерттеулерде В. Г. Шор және К. И. Скрябин әдістері пайдаланылып, гельминттердің локализациясы мен патологиялық өзгерістер анықталды. Молекулалық деңгейде ПТР әдісі қолданылып, біржасушалы паразиттердің ДНҚ фрагменттері анықталды. Алынған деректер киіктердің табиғи және тәлімбақтық популяцияларындағы паразиттердің таралу ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік берді.

В ходе выполнения проекта получены новые данные о структуре и распространении паразитарных заболеваний сайгаков (Saiga tatarica tatarica) в природных и полувольных условиях. Определены основные виды гельминтов и простейших, наиболее часто встречающихся у сайгаков, включая роды Nematodirus, Strongyloides, Moniezia, Eimeria spp. и др.. Проведён сравнительный анализ паразитофауны диких и питомниковых популяций, выявлены сезонные и пространственные особенности инвазий, а также влияние экологических факторов на интенсивность заражения. Научная новизна работы заключается в комплексном применении морфологических, патоморфологических и молекулярных методов для изучения паразитозов диких копытных. Полученные результаты создают научную основу для разработки эффективных мер профилактики и ветеринарно-санитарного мониторинга паразитарных заболеваний у сайгаков и других травоядных животных степных экосистем.

Жобаны орындау барысында киіктердің (Saiga tatarica tatarica) табиғи және жартылай ерікті жағдайда таралған паразиттік ауруларының құрылымы мен таралуы туралы жаңа деректер алынды. Киіктерде жиі кездесетін негізгі гельминттер мен қарапайымдылардың түрлері анықталды, олардың қатарына Nematodirus, Strongyloides, Moniezia, Eimeria spp. және басқа да туыстар жатады. Табиғи және тәлімбақтық популяциялардағы паразитофаунаның салыстырмалы талдауы жүргізіліп, инвазиялардың маусымдық және кеңістіктік ерекшеліктері, сондай-ақ экологиялық факторлардың жұқтыру қарқындылығына әсері айқындалды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы жабайы тұяқтылардағы паразитоздарды зерттеуде морфологиялық, патоморфологиялық және молекулалық әдістерді кешенді түрде қолдануда болып табылады. Бұл олардың эпизоотологиялық мәртебесі мен таралу жолдары туралы ғылыми түсініктерді кеңейтеді. Алынған нәтижелер киіктер мен басқа да шөпқоректі жануарлардың паразиттік ауруларын алдын алу және ветеринариялық-санитариялық мониторинг жүргізу бойынша тиімді шараларды әзірлеуге ғылыми негіз қалыптастырады.

Основные конструктивные и технико-экономические показатели проекта отражают комплексный подход к изучению паразитарных болезней сайгаков. Проведён отбор объектов, разработаны протоколы отбора проб, подготовлена лабораторная база, обеспечены требования биобезопасности. Применены классические и современные методы диагностики: патологоанатомическое вскрытие по В. Г. Шору, гельминтологические исследования по К. И. Скрябину, копрологические методы (флотационный, Фюллеборна, Дарлинга, Бермана) и молекулярный анализ (ПЦР) для выявления ДНК простейших паразитов. Контроль маркировки и транспортировки проб обеспечил сохранность биоматериала и достоверность данных. Всего исследовано 150 проб фекалий (100 — из природных популяций, 50 — из питомника «Aqboken»). Результаты подтвердили эффективность методик и позволили определить структуру паразитофауны, сезонные и пространственные особенности инвазий, что имеет практическое значение для ветеринарной службы и программ сохранения вида.

Жобаның негізгі конструктивтік және техникалық-экономикалық көрсеткіштері киіктердің паразиттік ауруларын зерттеуге кешенді тәсілді қамтиды. Зерттеу барысында нысандар таңдалып, сынама алу хаттамалары әзірленді, зертханалық база дайындалды және биоқауіпсіздік талаптары сақталды. Диагностиканың классикалық және заманауи әдістері қолданылды: В. Г. Шор әдісі бойынша патологоанатомиялық талдау, К. И. Скрябин әдісімен толық және толық емес гельминтологиялық зерттеу, сондай-ақ флотациялық, Фюллеборн, Дарлинг және Берман әдістері сияқты копрологиялық тәсілдер. Сонымен қатар, паразиттердің ДНҚ-сын анықтау үшін ПТР әдісі пайдаланылды. Барлық зерттеу кезеңдері сынамаларды дұрыс таңбалау мен тасымалдау арқылы бақылауға алынды, бұл алынған нәтижелердің сенімділігін қамтамасыз етті. Барлығы 150 нәжіс сынамасы зерттелді: 100-і табиғи популяциялардан және 50-і «Aqboken» тәлімбағынан. Зерттеу нәтижелері әдістердің тиімділігін дәлелдеп, паразитофаунаның құрылымын, маусымдық және кеңістіктік таралу ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік берді. Алынған мәліметтер ветеринариялық қызмет пен киіктерді сақтау бағдарламалары үшін практикалық маңызға ие.

Степень внедрения проекта находится на научно-исследовательском этапе. Результаты выполненных работ исследований подтверждены публикацией в отечественном журнале. Полученные данные имеют практический потенциал и могут быть использованы для разработки профилактических мероприятий в ветеринарных службах и питомниках.

Жобаның іске асыру деңгейі ғылыми-зерттеу сатысында тұр. Атқарылған жұмыстардың нәтижелері отандық журналдағы жарияланым арқылы расталды. Алынған деректердің практикалық әлеуеті жоғары және оларды ветеринариялық қызметтер мен тәлімбақтарда профилактикалық іс-шараларды әзірлеу үшін пайдалануға болады.

Научная эффективность заключается в формировании новой методологической базы для комплексной диагностики паразитарных болезней у диких копытных животных. В результате работы получены новые знания о видовой структуре паразитофауны сайгаков, её сезонной динамике и эколого-эпизоотологических взаимосвязях между природными и полувольными популяциями. Практическая эффективность проявляется в разработке рекомендаций по профилактике гельминтозов и повышению биологической безопасности животных в питомниках, что способствует снижению уровня инвазий и сохранению здоровья популяции. Экономическая эффективность обеспечивается рациональным использованием лабораторных ресурсов, снижением затрат на реагенты за счёт оптимизации объёмов анализа и сокращением числа нецелевых профилактических обработок в результате более точного определения очагов инвазии.

Ғылыми тиімділік жабайы тұяқтылардағы паразиттік ауруларды кешенді диагностикалауға арналған жаңа әдістемелік базаны қалыптастырумен сипатталады. Жұмыс нәтижесінде киіктердің паразитофаунасының түрлік құрамы, оның маусымдық динамикасы және табиғи мен жартылай ерікті популяциялар арасындағы экологиялық-эпизоотологиялық өзара байланыстар туралы жаңа ғылыми мәліметтер алынды. Практикалық тиімділік гельминтоздардың алдын алу және тәлімбақтардағы жануарлардың биологиялық қауіпсіздігін арттыру жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу арқылы көрініс тапты, бұл инвазия деңгейін төмендетуге және популяцияның саулығын сақтауға ықпал етеді. Экономикалық тиімділік зертханалық ресурстарды ұтымды пайдалану, талдау көлемін оңтайландыру есебінен реагенттерге жұмсалатын шығындарды азайту және инвазия ошақтарын дәлірек анықтау арқылы мақсатсыз профилактикалық өңдеулердің санын қысқарту нәтижесінде қамтамасыз етіледі.

Ветеринария

Ветеринария

UDC indices
619:576.89:616.993:599.735.53
International classifier codes
68.41.00;
Key words in Russian
сайга; питомник; гельминтозы; инвазия; профилактика;
Key words in Kazakh
киік; тәлімбақ; гельминтоздар; инвазия; алдын алу;
Head of the organization Орынбеков Думан Рымгалиевич Кандидат технических наук / -
Head of work Қожаева Айгерім Романқызы Phd / -