Inventory number IRN Number of state registration
0325РК00470 AP25795423-KC-25 0125РК00127
Document type Terms of distribution Availability of implementation
Краткие сведения Gratis Number of implementation: 0
Not implemented
Publications
Native publications: 0
International publications: 0 Publications Web of science: 0 Publications Scopus: 0
Patents Amount of funding Code of the program
0 9775744 AP25795423
Name of work
Геоинформационное моделирование и картографирование распределения и запаса охотничье-промысловых видов млекопитающих северо-востока Казахстана.
Type of work Source of funding Report authors
Applied Сергазинова Зарина Мухтаровна
0
0
0
0
Customer МНВО РК
Information on the executing organization
Short name of the ministry (establishment) МНВО РК
Full name of the service recipient
Некоммерческое акционерное общество "Торайгыров университет"
Abbreviated name of the service recipient НАО "Торайгыров университет"
Abstract

Охотничье-промысловые виды млекопитающих северо-востока Казахстана (в пределах Павлодарской области) и их современное пространственное распределение, численность и запас в различных местообитаниях.

Қазақстанның солтүстік-шығысындағы (Павлодар облысы аумағындағы) аңшылық-кәсіптік сүтқоректілер және олардың қазіргі кеңістіктік таралуы, саны мен әртүрлі мекен ету орталарындағы қоры

Цель данного проекта заключается в разработке инновационной комплексной системы мониторинга современного распределения и запаса охотничье-промысловых видов млекопитающих на северо-востоке Казахстана, с применением современных методов дистанционного зондирования, геоинформационного моделирования и картографирования, а также интеграцией полученных результатов в международной базе GBIF.

Жобаның мақсаты қашықтан зондтаудың, геоақпараттық модельдеу мен картографиялаудың заманауи әдістерін қолдана отырып, Қазақстанның солтүстік-шығысындағы сүтқоректілердің аңшылық-кәсіпшілік түрлерінің қазіргі заманғы таралуы мен қорын мониторингтеудің инновациялық кешенді жүйесін әзірлеу, сондай-ақ алынған нәтижелерді GBIF халықаралық базасына интеграциялау болып табылады.

Использованы методы геоинформационного анализа и моделирования (ArcGIS, MaxEnt), дистанционного зондирования с применением беспилотного летательного аппарата (БПЛА) и фотоловушек, анализ пространственных данных и климатических факторов, картографирование и статистическая обработка результатов.

Геоақпараттық талдау мен модельдеу (ArcGIS, MaxEnt) әдістері, ұшқышсыз ұшу аппараты (ҰҰА) мен фототұзақтар қолданылған қашықтан зондтау, кеңістіктік деректер мен климаттық факторларды талдау, картографиялау және нәтижелерді статистикалық өңдеу әдістері пайдаланылды.

а) Проведен анализ литературных источников по эколого-зоологическим исследованиям и современным методам геоинформационного моделирования. На основе этого анализа определены основные направления для оценки состояния охотничье-промысловых млекопитающих северо-востока Казахстана; б) Выполнены рекогносцировочные и первые полевые исследования на территории Павлодарского и Щербактинского районов, в ходе которых собраны первичные данные о структуре сообществ и местообитаниях охотничье-промысловых видов млекопитающих; в) Составлены предварительные геоинформационные карты распределения видов с использованием данных, полученных с фотоловушек и аэрофотосъемки с БПЛА; г) Выполнено первичное моделирование ареалов и пригодности местообитаний методом максимальной энтропии (MaxEnt), что позволило выявить ключевые зоны концентрации и потенциального распространения промысловых видов. Проект отличается от ранее выполненных работ комплексным применением ГИС-технологий, фото- видеомониторинга, что позволило повысить точность учета и моделирования распределения животных. Ранее подобные системные исследования в северо-восточном Казахстане не проводились.

а) Экологиялық-зоологиялық зерттеулер мен геоақпараттық модельдеудің заманауи әдістері бойынша әдеби дереккөздерге талдау жүргізілді. Осы талдаудың негізінде Қазақстанның солтүстік-шығысындағы аңшылық-өндірістік сүтқоректілердің жай-күйін бағалаудың негізгі бағыттары айқындалды; б) Павлодар және Шарбақты аудандары аумағында барлау және алғашқы далалық зерттеулер жүргізіліп, олардың барысында аңшылық-өндірістік сүтқоректілер түрлерінің қауымдастық құрылымы мен мекендеу ортасы туралы бастапқы деректер жиналды; в) Фототұзақ мен ұшқышсыз ұшу аппараттарынан (ҰҰА) алынған аэротүсірілім деректерін пайдалана отырып, түрлердің таралуының алдын ала геоақпараттық карталары жасалды. г) Максималды энтропия (MaxEnt) әдісі арқылы ареалдар мен мекендеу ортасының қолайлылығын бастапқы модельдеу жүргізіліп, соның нәтижесінде өндірістік маңызы бар түрлердің шоғырлану және әлеуетті таралу аймақтары айқындалды. Жоба бұрын жүргізілген жұмыстардан өзінің кешенді тәсілімен ерекшеленеді — онда ГАЖ-технологиялар, фото және бейнемониторинг әдістері біріктіріліп қолданылды. Бұл тәсіл жануарлардың таралуын есептеу мен модельдеудің дәлдігін арттыруға мүмкіндік берді. Бұған дейін солтүстік-шығыс Қазақстанда мұндай жүйелі зерттеулер жүргізілмеген.

В ходе выполнения проекта создана научно-методическая и технологическая основа для геоинформационного моделирования распределения и запасов охотничье-промысловых млекопитающих северо-востока Казахстана. Разработана комплексная система мониторинга, включающая применение беспилотных летательных аппаратов (БПЛА), фотоловушек, а также современных методов геоинформационного анализа. Сформирована база пространственных и биологических данных о современном распределении видов. Созданы цифровые тематические карты ареалов и плотности популяций, а также модели потенциального распределения с использованием метода максимальной энтропии (MaxEnt) и программного обеспечения ArcGIS. Использование научно-технической продукции осуществляется: в научных организациях и университетах – при проведении эколого-географических исследований, моделировании и обучении студентов методам ГИС и дистанционного зондирования; в природоохранных структурах и лесохозяйственных учреждениях – для организации учета и мониторинга численности охотничье-промысловых животных; в региональных управлениях природных ресурсов и охотничьего хозяйства – при планировании лимитов изъятия и формировании стратегий устойчивого использования фауны; в международной системе GBIF (Global Biodiversity Information Facility) – для интеграции данных Казахстана в глобальные базы биоразнообразия и развития научного сотрудничества.

Жоба жүзеге асыру барысында Қазақстанның солтүстік-шығысындағы аңшылық-өндірістік сүтқоректілердің таралуы мен қоры бойынша геоақпараттық модельдеуге арналған ғылыми-әдістемелік және технологиялық негіз қалыптастырылды. Ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА), фототұзақтарды және заманауи геоақпараттық талдау әдістерін қолдануды қамтитын кешенді мониторинг жүйесі әзірленді. Түрлердің қазіргі таралуы жөнінде кеңістіктік және биологиялық деректер базасы қалыптастырылды. Ареалдар мен популяция тығыздығының сандық (цифрлық) тақырыптық карталары жасалып, сондай-ақ максималды энтропия (MaxEnt) әдісі мен ArcGIS бағдарламалық қамтамасыздандыруы негізінде түрлердің әлеуетті таралу модельдері құрылды. Ғылыми-техникалық өнімнің қолданылу салалары: - экологиялық-географиялық зерттеулер жүргізу, модельдеу және студенттерді ГАЖ және қашықтан зондтау әдістеріне оқыту кезінде ғылыми ұйымдар мен университеттерде; - аңшылық-өндірістік жануарлардың санын есепке алу және мониторинг жүргізу үшін табиғатты қорғау құрылымдары мен орман шаруашылығы мекемелерінде; - аймақтық табиғи ресурстар және аңшылық шаруашылығы басқармаларында – жануарлар ресурстарын пайдалану лимиттерін жоспарлау және фаунаны орнықты пайдалану стратегияларын әзірлеу барысында; - Қазақстан деректерін жаһандық биоалуантүрлілік деректер қорына біріктіру және ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында халықаралық GBIF (Global Biodiversity Information Facility) жүйесінде.

Степень внедрения проекта заключается в том, что подготовлены материалы для внедрения результатов исследования в учебный процесс кафедры биологии и экологии НАО «Торайгыров университет» и в производственную деятельность природоохранных организаций Павлодарской области. Планируется дальнейшая интеграция собранных геоданных в международную базу GBIF для их использования научным и образовательным сообществом.

Жобаның іске асырылу дәрежесі зерттеу нәтижелерін «Торайғыров университеті» КЕАҚ-ның биология және экология кафедрасының оқу үдерісіне, сондай-ақ Павлодар облысының табиғатты қорғау ұйымдарының өндірістік қызметіне енгізуге арналған материалдардың дайындалуымен айқындалады. Жиналған геодеректерді ғылыми және білім беру қауымдастығының пайдалануына мүмкіндік беру мақсатында оларды халықаралық GBIF (Global Biodiversity Information Facility) базасына одан әрі интеграциялау жоспарлануда.

Эффективность проекта заключается в создании базы данных о распространении и запасах охотничье-промысловых млекопитающих северо-востока Казахстана и разработке методики геоинформационного анализа, повышающей точность учета и качество планирования природопользования. Проект способствует реализации государственных программ по сохранению биоразнообразия и рациональному использованию биоресурсов Республики Казахстан.

Жобаның тиімділігі Қазақстанның солтүстік-шығысындағы аңшылық-өндірістік сүтқоректілердің таралуы мен қоры жөнінде деректер базасын құрумен және есептің дәлдігін арттырып, табиғатты пайдалану жоспарлауының сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін геоақпараттық талдау әдістемесін әзірлеумен айқындалады. Жоба Қазақстан Республикасының биоалуантүрлілікті сақтау және биоресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға өз үлесін қосады.

Результаты исследования вносят значительный вклад в развитие таких направлений, как прикладная экология, зоогеография и геоинформационное моделирование природных процессов. Разработанная система пространственного анализа и мониторинга распределения охотничье-промысловых млекопитающих может быть использована при оценке состояния популяций, моделировании экологических ниш и прогнозировании динамики ареалов под воздействием климатических и антропогенных факторов. Практическое применение полученных данных возможно при планировании и регулировании охотничьего хозяйства, определении лимитов изъятия животных, а также при разработке природоохранных мероприятий и стратегий сохранения биоразнообразия на региональном и национальном уровнях. Материалы исследования представляют ценность для природоохранных, лесохозяйственных и научно-исследовательских организаций, занимающихся мониторингом состояния фауны и управлением охотничьими ресурсами. Кроме того, результаты проекта могут быть интегрированы в образовательный процесс вузов при преподавании дисциплин экологического и биогеографического профиля, а также использованы в работе международных баз данных по биоразнообразию (GBIF) для расширения участия Казахстана в глобальных инициативах по сохранению природы.

Зерттеу нәтижелері қолданбалы экология, зоогеография және табиғи үдерістердің геоақпараттық модельдеуі сияқты бағыттардың дамуына елеулі үлес қосады. Әзірленген кеңістіктік талдау және аңшылық-өндірістік сүтқоректілердің таралуын мониторингтеу жүйесі популяциялар жағдайын бағалау, экологиялық қуыстарды модельдеу және климаттық әрі антропогендік факторлардың әсерінен ареалдардың динамикасын болжау кезінде пайдаланылуы мүмкін. Алынған деректердің тәжірибелік қолданылуы аңшылық шаруашылығын жоспарлау мен реттеу, жануарларды алу лимиттерін белгілеу, сондай-ақ өңірлік және ұлттық деңгейлерде биоалуантүрлілікті сақтау стратегиялары мен табиғатты қорғау шараларын әзірлеу барысында жүзеге асырылады. Зерттеу материалдары фаунаның жағдайын мониторингтеу және аңшылық ресурстарды басқару саласында жұмыс істейтін табиғатты қорғау, орман шаруашылығы және ғылыми-зерттеу ұйымдары үшін құнды болып табылады. Бұдан басқа, жобаның нәтижелері экологиялық және биогеографиялық бағыттағы пәндерді оқыту кезінде жоғары оқу орындарының білім беру үдерісіне енгізілуі мүмкін, сондай-ақ Қазақстанның табиғатты сақтау жөніндегі жаһандық бастамаларға қатысуын кеңейту мақсатында халықаралық биоалуантүрлілік деректер базаларына (GBIF) интеграциялануы ықтимал.

UDC indices
574.3
International classifier codes
34.33.27; 34.35.25; 34.35.17; 87.27.07; 87.35.00;
Key words in Russian
охотничье-промысловые виды; млекопитающие; запас; распределение; геоинформационное моделирование; картографирование;
Key words in Kazakh
Аңдық-кәсіпшілік түрлері; сүтқоректілер; қор; таралу; географиялық ақпаратты модельдеу; картографиялау;
Head of the organization Ержанов Нурлан Тельманович Доктор биологических наук / профессор
Head of work Сергазинова Зарина Мухтаровна Доктор PhD / нет