Inventory number IRN Number of state registration
0224РК00064 AP14972916-OT-24 0122РК00793
Document type Terms of distribution Availability of implementation
Заключительный Gratis Number of implementation: 0
Not implemented
Publications
Native publications: 0
International publications: 1 Publications Web of science: 1 Publications Scopus: 1
Number of books Appendicies Sources
1 5 173
Total number of pages Patents Illustrations
134 0 40
Amount of funding Code of the program Table
7999928 AP14972916 16
Name of work
Создание и исследование активного консорциума микроводорослей и PGP-бактерий как альтернативы химическим удобрениям
Report title
Type of work Source of funding The product offerred for implementation
Applied Препараты
Report authors
Бауенова Меруерт Өмірбайқызы , Садвакасова Асемгуль Калыйкумаровна ,
0
0
0
0
Customer МНВО РК
Information on the executing organization
Short name of the ministry (establishment) МНВО РК
Full name of the service recipient
Некоммерческое акционерное общество "Казахский национальный университет имени аль-Фараби"
Abbreviated name of the service recipient НАО "КазНУ им. аль-Фараби"
Abstract

Объектом исследования являются природные штаммы цианобактерий, PGP-бактерий и рисовые поля РК.

Зерттеу объектісі ретінде табиғи цианобактериялар, PGP-бактериялар және Қазақстан Республикасы аумағындағы күріш алқаптары алынды.

Цель работы - создание и исследование альго-ризобактериального консорциума с высокой целевой метаболической активностью и разработка тeхнологии получeния на их основe биоудобрeний с цeлью повышeния урожайности сeльскохозяйствeнных культур.

Жұмыстың мақсаты – мақсатты метаболикалық белсенділігі жоғары альго-ризобактериялық консорциум құру және зерттеу, сондай-ақ олардың негізінде ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға арналған биотыңайтқыштар өндіру технологиясын әзірлеу.

Биотехнологические, биологические и микробиологические методы исследования.

Биотехнологиялық, биологиялық және микробиологиялық зерттеу әдістері.

Исследование альгофлоры рисовых полей Кызылординской области выявило 48 видов микроводорослей и цианобактерий, среди которых доминируют Cyanobacteria (35%) и Chlorophyta (25%). В Алматинской области обнаружено 26 видов, 38,5% из которых составляют Cyanobacteria. В лаборатории выделено 11 чистых изолятов фототрофных микроорганизмов, включая Tolypothrix tenuis J-1 и Nostoc sp. J-14, с высокой нитрогеназной активностью. Также выделены 7 штаммов PGP-бактерий, таких как Brevundimonas diminuta М-2 и Bacillus velezensis М-1, устойчивых к солевому стрессу, обладающих фосфатмобилизующей активностью и синтезирующих индолил-3-уксусную кислоту. Эти штаммы перспективны для сельского хозяйства, демонстрируя антагонистическую активность против фитопатогенов и стимулируя рост растений. Эксперименты с монокультурами и консорциумами этих микроорганизмов показали, что биопрепарат на их основе активирует почвенную микрофлору и повышает продуктивность риса и томатов. Новизна проекта заключается в выявлении и выделении новых штаммов микроводорослей, цианобактерий и PGP-бактерий с высокой ростостимулирующей активностью. Эти микроорганизмы перспективны для разработки биопрепаратов, которые активируют почвенную микрофлору и повышают урожайность сельскохозяйственных культур.

Қызылорда облысының күріш алқаптарындағы альгофлораны зерттеу нәтижесінде 48 түр микробалдырлар мен цианобактериялар анықталды, олардың ішінде Cyanobacteria (35%) және Chlorophyta (25%) басым. Алматы облысында 26 түр анықталып, олардың 38,5%-ы Cyanobacteria класына жатады. Лабораторияда Tolypothrix tenuis J-1 және Nostoc sp. J-14 сияқты жоғары нитрогеназдық белсенділікке ие фототрофты микроорганизмдердің 11 таза изоляттары бөлініп алынды. Сондай-ақ, тұзды стреске төзімді, фосфатмобилиздеуші белсенділікке ие және индолил-3-сірке қышқылын синтездейтін 7 PGP-бактерия штаммдары анықталды, әсіресе Bacillus velezensis (11,5 мкг/мл). Бұл штаммдар ауыл шаруашылығы үшін перспективалы, өйткені олар фитопатогендерге қарсы антагонистік белсенділік көрсетіп, өсімдіктердің өсуін ынталандырады. Осы микроорганизмдердің монокультуралары мен консорциумдарының қатысуымен жүргізілген эксперименттер олардың негізіндегі биопрепараттың топырақ микрофлорасын белсендіріп, күріш пен қызанақ өнімділігін арттыратынын көрсетті. Жобаның жаңалығы ауыл шаруашылығы дақылдарының өсуін ынталандыратын белсенділігі жоғары микробалдырлар, цианобактериялар және PGP-бактериялардың жаңа штаммдарын анықтау мен бөлуде жатыр. Бұл микроорганизмдер топырақ микрофлорасын белсендіріп, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыратын биопрепараттарды әзірлеу үшін маңызды болып табылады.

Проект направлен на создание биоудобрений на основе альго-ризобактериального консорциума, включающего микроводоросли, цианобактерии и PGP-бактерии. Эти микроорганизмы улучшают плодородие почвы благодаря азотфиксации, фосфатмобилизации и повышению устойчивости растений к солевому стрессу. Технология позволяет увеличить урожайность до 20-30% за счёт активации почвенной микрофлоры и лучшего усвоения питательных веществ. Экономическая эффективность заключается в снижении затрат на химические удобрения и пестициды на 15-20%. Биопрепараты требуют меньших затрат на производство и использование, чем традиционные удобрения, что делает их доступными как для крупных, так и для мелких хозяйств. Экологическая устойчивость проекта проявляется в сокращении использования химикатов, что уменьшает загрязнение почвы и водных ресурсов. Внедрение биоудобрений улучшает экологическую обстановку в сельскохозяйственных регионах. Основными потребителями будут сельскохозяйственные предприятия, заинтересованные в повышении урожайности и снижении затрат. Экологическая чистота технологии соответствует требованиям устойчивого сельского хозяйства. Проект имеет потенциал для масштабирования и адаптации к различным типам почв и климатическим условиям, что делает его универсальным решением для агропромышленного сектора.

Жоба альго-ризобактериялық консорциум негізінде биотыңайтқыштарды жасауға бағытталған, оның құрамына микробалдырлар, цианобактериялар және PGP-бактериялары кіреді. Бұл микроорганизмдер азотфиксация, фосфатмобилизация және өсімдіктердің тұзды стрессіне төзімділігін арттыру арқылы топырақтың құнарлылығын жақсартады. Технология топырақ микрофлорасын белсендіру және қоректік заттардың жақсы сіңірілуі арқылы өнімділікті 20-30%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Экономикалық тиімділігі химиялық тыңайтқыштар мен пестицидтерге жұмсалатын шығындарды 15-20%-ға қысқартуда. Биопрепараттарды өндіруге және қолдануға кететін шығындар дәстүрлі тыңайтқыштарға қарағанда аз, бұл оларды ірі де, шағын да шаруашылықтар үшін қолжетімді етеді. Жобаның экологиялық тұрақтылығы химиялық заттарды пайдалануды азайтуда, бұл топырақ пен су ресурстарының ластануын төмендетеді. Биотыңайтқыштарды енгізу ауылшаруашылық аймақтарындағы экологиялық жағдайды жақсартады. Негізгі тұтынушылар өнімділікті арттыруға және шығындарды азайтуға мүдделі ауылшаруашылық кәсіпорындары болады. Технологияның экологиялық тазалығы тұрақты ауыл шаруашылығының талаптарына сәйкес келеді. Жобаның ауқымын кеңейту және оны әртүрлі топырақ түрлеріне және климаттық жағдайларға бейімдеу әлеуеті бар, бұл оны агроөнеркәсіп секторына арналған әмбебап шешім етеді.

Проект находится на стадии экспериментального внедрения. На текущем этапе проект продемонстрировал успешные лабораторные и полевые результаты, включая выделение 11 чистых изолятов фототрофных микроорганизмов и 7 штаммов PGP-бактерий с высокой ростостимулирующей активностью. Эти микроорганизмы показали потенциал для практического применения в сельском хозяйстве благодаря их способности повышать продуктивность риса и томатов, активируя почвенную микрофлору и защищая растения от фитопатогенов. Ожидается, что внедрение проекта в агропромышленную практику позволит сократить использование химических удобрений, улучшить качество почв и повысить урожайность сельскохозяйственных культур.

Жоба эксперименттік енгізу кезеңінде тұр. Қазіргі кезеңде жоба зертханалық және дала жағдайларында сәтті нәтижелер көрсетті, соның ішінде өсу стимуляторлық белсенділігі жоғары 11 таза фототрофты микроорганизмдер изоляттары мен 7 PGP-бактерия штамдары бөлініп алынды. Бұл микроорганизмдер ауыл шаруашылығында практикалық қолдануға потенциалы зор екенін көрсетті, өйткені олар топырақ микрофлорасын белсендіру және өсімдіктерді фитопатогендерден қорғау арқылы күріш пен қызанақ өнімділігін арттыру қабілетіне ие. Жобаны агроөнеркәсіптік тәжірибеге енгізу химиялық тыңайтқыштарды пайдалануды азайтып, топырақ сапасын жақсартуға және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Эффективность проекта заключается в разработке высокоэффективного биоудобрения на основе альго-ризобактериального консорциума, что способствует значительному повышению урожайности сельскохозяйственных культур. Проект обеспечивает улучшенное усвоение азота и фосфатов, устойчивость к солевому стрессу, а также защиту растений от фитопатогенов, что делает его важным вкладом в экологически устойчивое сельское хозяйство.

Жоба жоғары тиімді альго-ризобактериялық консорциум негізінде биотыңайтқышты әзірлеуге бағытталған, бұл ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға ықпал етеді. Жоба азот пен фосфаттардың жақсы сіңірілуін, тұзды стреске төзімділікті және өсімдіктерді фитопатогендерден қорғауды қамтамасыз ете отырып, экологиялық тұрақты ауыл шаруашылығына маңызды үлес қосады.

Биотехнология, агробиотехнология, сельское хозяйство, экология.

Биотехнология, агробиотехнология, ауыл шаруашылығы, экология.

UDC indices
504.72
International classifier codes
62.99.00;
Readiness of the development for implementation
Key words in Russian
микроводоросли; биопрепараты; PGP-бактерий; азотфиксация; цианобактерий;
Key words in Kazakh
микробалдырлар; биопрепараттар; PGP-бактериялар; азотфиксация; цианобактериялар;
Head of the organization Айтжанова Жамила Нурматовна доктор экономических наук / доцент
Head of work Бауенова Меруерт Өмірбайқызы Доктор философии (PhD) / PhD доктор
Native executive in charge Садвакасова Асемгуль Калыйкумаровна Профессор