Inventory number IRN Number of state registration
0225РК01089 AP19678872-OT-25 0123РК00974
Document type Terms of distribution Availability of implementation
Заключительный Gratis Number of implementation: 1
Implemented
Publications
Native publications: 11
International publications: 2 Publications Web of science: 0 Publications Scopus: 0
Number of books Appendicies Sources
1 3 106
Total number of pages Patents Illustrations
76 0 0
Amount of funding Code of the program Table
24539360 AP19678872 0
Name of work
Творчество Абиша Кекилбаева в контексте модернизация общественного сознания
Report title
Type of work Source of funding The product offerred for implementation
Fundamental Методическая документация
Report authors
Кабылов Адилет Дыбысович , Orhan Söylemez , Қамарова Нағбду Сұлтансихқызы , Шоқай Мустафа Табиғатұлы , Жайловов Бактыбай Сэрсенбаевич , Жеткизгенова Алия Тугелбаевна , Толетова Жадра Курманқызы ,
0
1
1
1
Customer МНВО РК
Information on the executing organization
Short name of the ministry (establishment) МНВО РК
Full name of the service recipient
"Каспийский университет технологий и инжиниринга имени Ш.Есенова"
Abbreviated name of the service recipient Университет Есенова
Abstract

Проект посвящён научно-теоретическому изучению литературного наследия выдающегося писателя Ә. Кекилбаева. Путём всестороннего анализа его произведений в поэзии, прозе, драматургии и публицистике рассматриваются жанровые особенности, принципы и формы художественного изображения, концепция человека и мира, воплощённая в его творчестве. На этой основе определяется место писателя в национальной литературе XX века. Описываются жанровая структура и поэтические особенности стихов, рассказов, повестей, романов и драматической поэмы «Абылай хан». Анализируется взаимосвязь жанрового разнообразия прозы писателя на различных этапах его творчества. Изучаются особенности принципов художественного отражения действительности, проявляющиеся в произведениях разных жанров. Проводится всесторонний анализ романов «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры», рассказов и повестей, поэтических и драматических произведений, публицистики писателя. Определяются их жанрово-стилевые особенности, принципы изображения и художественные решения. Выявляются поиски автора в освоении и развитии отечественных и мировых литературных традиций, прослеживается связь с творчеством его современников. В итоге даётся оценка роли Ә. Кекилбаева в казахской литературе второй половины XX века.

Жоба көрнекті жазушы Ә. Кекілбаевтың әдеби мұрасын ғылыми-теориялық тұрғыдан зерделеуге арналған. Ә. Кекілбаевтың поэзиялық, прозалық, драмалық және публицистикалық жанрдағы шығармаларына жан-жақты талдау жасай отырып, жанрлық ерекшеліктерін, суреткердің бейнелеу принциптері мен формаларын, көркем туындыда жинақталатын дүние бейнесі мен адам концепциясын пайымдау арқылы ХХ ғасырдағы ұлттық әдебиетіміздегі орны бағамдалады. Ә. Кекілбаевтың өлеңдерінің, әңгімелерінің, повестері мен романдарының, «Абылай хан» драмалық дастанының жанрлық құрылымы мен поэтикалық ерекшеліктері сипатталады. Жазушы прозасының жанрлық әралуандығының түрлі шығармашылық кезеңдеріндегі өзара байланысы пайымдалады. Суреткер шығармаларының түрлі жанрларында жинақталған шындықты бейнелеу принциптерінің ерекшеліктері зерделенеді. «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» романдарына, әңгімелері мен повестеріне, поэзиялық және драмалық шығармаларына, танымдық-публицистикалық еңбектеріне жан-жақты талдау жасалып, олардың жанрлық-стильдік ерекшеліктері, бейнелеу принциптері мен көркемдік шешімі пайымдалады. Жазушының өзіне дейінгі отандық және әлемдік әдеби дәстүрлерді меңгеруі мен дамытудағы ізденістері, замандас жазушылар шығармашылығымен сабақтастығы айқындалып, жазушының ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетіндегі орнына баға беріледі.

Системно рассмотреть творчество Ә. Кекилбаева и, осмыслив его идейно-художественные особенности, подготовить монографию и учебное пособие. Теоретико-литературно проанализировать жанровую природу, тематико-идеологическую направленность и художественные особенности художественных произведений писателя. Научно обосновать природу художественного мира автора, особенности его индивидуального стиля и поэтического мастерства. Теоретически обосновать познавательное и воспитательное значение литературного наследия писателя в условиях общественного обновления.

Ә.Кекілбаев шығармашылығын жүйелі қарастырып, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін пайымдау арқылы монография мен оқу құралын әзірлеу. Қаламгердің көркем шығармаларының жанрлық сипаты, тақырыптық-идеялық бағдары мен көркемдік ерекшеліктерін әдеби-теориялық тұрғыдан пайымдау. Жазушының көркемдік әлемінің табиғатын, даралық стиль қырларын, поэтикалық шеберлігін ғылыми дәйектеу. Жазушының әдеби мұрасының қоғамдық жаңғыру жағдайындағы танымдық және тәрбиелік мәнін әдеби-теориялық тұрғыдан негіздеу.

В проекте в основу положен принцип целостного изучения литературного произведения с использованием структурно-функционального и сравнительно-исторического методов исследования художественных материалов. В ходе работы применяются литературно-аналитический, историко-функциональный, психологический, герменевтический и сравнительно-исторический методы, которые помогают выявить художественные особенности произведений писателя и раскрыть секреты его творческого мастерства.

Жобада көркем әдебиет материалдарын құрылымдық-функционалдық және салыстырмалы-тарихи зерттеу әдістерін пайдалану арқылы әдеби шығарманы тұтастай зерделеу ұстанымы басшылыққа алынады. Зерттеу барысында жазушы шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін танытатын, суреткерлік шеберлігінің сырын түсінуге септесетін әдеби талдау, тарихи-функционалдық, психологиялық, герменевтикалық, салыстырмалы-тарихи зерттеу әдістері қолданылады.

В результате грантового финансирования, с указанием идентификационного регистрационного номера и названия проекта, были получены и отражены основные теоретико-концептуальные результаты исследования: опубликована 1 (одна) статья в научном издании, входящем в базу Web of Science (индексы Social Science Citation Index или Arts and Humanities Citation Index) и/или базу Scopus с показателем CiteScore не ниже 35-го процентиля; кроме того, опубликованы 7 (семь) статей в отечественных и зарубежных научных изданиях, рекомендованных Комитетом по обеспечению качества в сфере науки и высшего образования (ҒЖБССҚК). По итогам проекта в одном из казахстанских издательств вышли следующие труды: монография «Творчество Әбиша Кекилбаева в контексте обновления общественного сознания» объёмом 21,75 печатных листа; учебное пособие «Әбиштану» объёмом 28,0 печатных листов. Кроме того, во второй год реализации проекта, к 85-летию со дня рождения Ә. Кекилбаева, на базе Каспийского университета технологий и инжиниринга имени Ш. Есенова была организована Международная научно-практическая конференция на тему «Ә. Кекилбаев и современность». По её итогам опубликован сборник материалов конференции объёмом 28,0 печатных листов.

Гранттық қаржыландыру нәтижесі ретінде ұсынылып, жобаның сәйкестендіруші тіркеу нөмірі және атауы туралы ақпаратты қамти отырып, зерттеудің негізгі теориялық-концептуалдық нәтижелері көрініс табатын: - Web of Science базасының Social Science Citation Index немесе Arts and Humanities Citation Index және (немесе) Scopus базасындағы CiteScore бойынша 35 (отыз бес) процентильге ие ғылыми басылымда 1 (бір) мақала жарық көрді; - сонымен қатар ҒЖБССҚК ұсынған отандық немесе шетелдік ғылыми басылымдарда 7 (мақала) мақала жарияланды. Жобаның қорытындысы бойынша қазақстандық баспадан «Әбіш Кекілбаев шығармашылығы қоғамдық сананың жаңғыруы контексінде» атты монография (көлемі 21,75 баспа табақ), «Әбіштану» оқу құралы (көлемі 28,0 баспа табақ) жарық көрді. Сонымен қатар жобаның екінші жылы Ә. Кекілбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті базасында «Ә.Кекілбаев және қазіргі заман» тақырыбында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылып, көлемі 28,0 баспа табақ конференция материалдары жинағын баспадан шығарылды.

В результате научного исследования творчество Ә. Кекилбаева было всесторонне изучено; описаны жанровая структура и поэтические особенности его поэтических, прозаических, драматургических и публицистических произведений. Исследованы особенности принципов отражения действительности, воплощённых в произведениях различных жанров. Проведён комплексный литературно-художественный анализ романов «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры», рассказов, повестей, поэтических и драматических произведений писателя. Определены их жанрово-стилевые особенности, принципы и формы художественного изображения, осмыслены картина мира и образы человека, воплощённые в художественных текстах. Выявлены поиски писателя в освоении и развитии национальных и мировых литературных традиций, прослежена взаимосвязь с творчеством современников, дана оценка его роли в казахской литературе второй половины XX века. Кроме того, предложены содержательные и методологические основы преподавания произведений писателя в образовательном процессе.

Ғылыми зерттеу нәтижесінде Ә.Кекілбаев шығармашылығы жан-жақты қарастырылып, поэзиялық, прозалық, драматургиялық және публицистикалық шығармаларының жанрлық құрылымы мен поэтикалық ерекшеліктері сипатталады. Шығармаларының түрлі жанрларында жинақталған шындықты бейнелеу принциптерінің ерекшеліктері зерделенеді. «Үркер», «Елең-алаң», «Аңыздың ақыры» романдарына, әңгімелері мен повестеріне, сондай-ақ поэзиялық шығармалары мен драматургиясына әдеби-көркемдік тұрғыдан жан-жақты талдау жасалып, олардың жанрлық-стильдік ерекшеліктері, бейнелеу принциптері мен формалары, көркем туындыда жинақталатын дүние бейнесі мен адам образдары пайымдалады. Жазушының өзіне дейінгі отандық және әлемдік әдеби дәстүрлерді меңгеруі мен дамытудағы ізденістері, замандас жазушылар шығармашылығымен сабақтастығы айқындалып, жазушының ХХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетіндегі орнына баға беріледі. Жазушы шығармаларын оқытудың мазмұндық-әдіснамалық негіздемесі ұсынылады.

Основные результаты исследования внедрены в учебный процесс КТИУ им. Ш. Есенова по предмету «Абиштану». Разработанные методические рекомендации используются при подготовке курсовых и дипломных работ. Планируется расширение внедрения на другие педагогические специальности. Акт внедрения зарегистрирован (29.10.2025).

Зерттеудің негізгі нәтижелері «Әбіштану» пәні арқылы Ш.Есенов атындағы КТИУ-дің оқу процесіне ендірілді. Әзірленген әдістемелік нұсқаулар курстық және дипломдық жұмыстар дайындауда пайдаланылады. Басқа да педагогикалық мамандықтарға ендіруді кеңейту жоспарлануда. Ендіру актісі тіркелді (29.10.2025).

Все задачи выполнены в полном объеме. В соответствии с календарным планом опубликована 1 статья в журнале, индексируемом в базе Scopus, и 5 статей в журналах, входящих в перечень ККСОН. Подготовлены и изданы 1 монография и 1 учебное пособие. Вне плана дополнительно опубликованы 1 монография, 2 статьи в журналах из перечня ККСОН, а также 30 статей в научных изданиях и сборниках конференций. Результаты исследования внедрены в учебный процесс КТИУ имени Ш. Есенова и использованы при подготовке учебного пособия. Средства гранта использованы целевым образом в соответствии с утвержденной сметой. Организованы 1 международная научно-практическая конференция и 3 научно-методических семинара. Получено 4 авторских свидетельства.

Барлық міндеттер толық көлемінде орындалды. Календарлық жоспарда көрсетілгендей, Scopus базасындағы индекстелетін журналда 1, БҒССҚК тізіміндегі журналға 5 мақала жарияланды, 1 монография мен 1 оқу құралы әзірленіп, баспадан шығарылды. Жоспардан тыс 1 монография, БҒССҚК тізіміндегі журналға 2 мақала, ғылыми басылымдар мен конференция жинақтарында 30 мақала жарияланды. Зерттеу нәтижелері Ш.Есенов атындағы КТИУ оқу процесіне ендіріліп, оқу құралын дайындау барысында пайдаланылды. Грант қаржысы бекітілген сметаға сәйкес мақсатты пайдаланылды. 1 халықаралық ғылыми-практикалық конференция, 3 ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. 4 авторлық куәлік алынды.

Потенциальными потребителями результатов исследования являются обучающиеся высших учебных заведений (студенты, магистранты и докторанты), учащиеся средних школ, литературоведы, а также все возрастные группы детей, подростков и молодёжи, являющиеся субъектами воспитания и образования. Распространение результатов исследования среди научного сообщества и широкой общественности способствует развитию литературоведения, в частности — одной из его значимых отраслей, «әбиштану» (науки об изучении творчества Ә. Кекилбаева). Это создаёт научную основу и критерии оценки современных явлений и тенденций в казахской литературе, а также открывает возможности эффективного применения полученных знаний в воспитательных целях в общественной жизни.

Зерттеу нәтижелерінің әлеуетті тұтынушылары ЖОО білім алушылары (студенттер, магистранттар мен докторанттар), орта мектеп оқушылары, әдебиеттанушы мамандар, тәрбие мен білім беру субъектісі болып табылатын барлық жастағы балалар, жасөспірімдер мен жастар болып табылады. Жұмыстың нәтижелерін ғылыми қауымдастық пен қоғам арасында тарату жүзеге асырылады, ол сәйкесінше әдебиеттану ғылымы, оның ішінде маңызды салалардың бірі «Әбіштану» саласының дамуына ықпал етіп, қазіргі қазақ әдебиетіндегі өлшемдер мен өзге құбылыстарға ғылыми негіздеме, баға беруге жол ашады және қоғамдық өмірде тәрбиелік мақсатта пәрменді пайдаланылатын болады.

UDC indices
821
International classifier codes
17.00.00; 17.01.00; 17.07.41;
Readiness of the development for implementation
Key words in Russian
проза; поэзия; драма; поэтика; жанр; стиль; роман; повесть; сюжет; композиция;
Key words in Kazakh
проза; поэзия; драма; поэтика; жанр; стиль; роман; повесть; сюжет; композиция;
Head of the organization Ахметов Берик Бахытжанович Кандидат технических наук / профессор
Head of work Кабылов Адилет Дыбысович кандидат филологических наук / доцент
Native executive in charge