Inventory number IRN Number of state registration
0325РК00102 AP27511675-KC-25 0125РК00293
Document type Terms of distribution Availability of implementation
Краткие сведения Gratis Number of implementation: 0
Not implemented
Publications
Native publications: 1
International publications: 0 Publications Web of science: 0 Publications Scopus: 1
Patents Amount of funding Code of the program
0 25000000 AP27511675
Name of work
Локализация, топография и структура стационарных поселении периода Улуса Жошы (Северный и Центральный Казахстан)
Type of work Source of funding Report authors
Fundamental Билялова Гульзат Дулатовна
0
1
2
0
Customer МНВО РК
Information on the executing organization
Short name of the ministry (establishment) МНВО РК
Full name of the service recipient
Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Институт археологии имени А.Х.Маргулана" Комитета науки Министерства образования и науки Республики Казахстан
Abbreviated name of the service recipient Институт археологии им. Маргулана
Abstract

Стационарные памятники Сарыарки XIII-XIV веков

Сарыарқаның XIII–XIV ғасырлардағы тұрақты ескерткіштері

Исследование золотоордынских стационарных поселений Северного и Центрального Казахстана

Солтүстік және Орталық Қазақстан аумағындағы Алтын Орда дәуіріне тиесілі тұрақты қоныстарды зерттеу

В исследовании применяется комплексный подход, объединяющий традиционные археологические методы, современные технологии и междисциплинарные исследования. Геофизические и лабораторные анализы, радиоуглеродный анализ, 3D-моделирование и ГИС-картографирование.

Зерттеуде дәстүрлі археологиялық әдістерді, заманауи технологияларды және пәнаралық зерттеулерді біріктіретін кешенді тәсіл қолданылады. Геофизикалық және зертханалық талдаулар, радиокөміртекті талдау, 3D модельдеу және ГИС-картографиялау әдістері пайдаланылады.

В ходе реализации проекта будут получены новые научные данные, существенно расширяющие представления о материальной и духовной культуре эпохи Улуса Жошы на территории Сарыарки. Комплексное применение традиционных археологических и современных междисциплинарных методов позволит выявить новые типы стационарных поселений, уточнить их хронологию, структуру и функции, а также определить их роль в системе средневековых торгово-экономических связей региона. Научная новизна проекта заключается в интеграции полевых археологических данных с результатами геофизических, радиоуглеродных, физико-химических и изотопных анализов, а также в использовании технологий 3D-моделирования и ГИС-картографирования для реконструкции исторической топографии и пространственной организации поселений. Впервые будет создана комплексная база данных по археологическим памятникам Сарыарки золотоордынского времени, включающая цифровые модели, аналитические материалы и картографические слои. Результаты исследования обеспечат методологическое обновление средневековой археологии Казахстана, послужат основой для последующих сравнительных и межрегиональных исследований, а также откроют новые возможности для применения археологических данных в сфере образования, музейного дела и культурного туризма.

Жоба жүзеге асырылу барысында Сарыарқа аумағындағы Ұлыс Жошы дәуірінің материалдық және рухани мәдениеті туралы түсініктерді айтарлықтай кеңейтетін жаңа ғылыми деректер алынады. Дәстүрлі археологиялық және заманауи пәнаралық әдістерді кешенді қолдану арқылы стационарлық қоныстардың жаңа түрлері анықталып, олардың хронологиясы, құрылысы мен функциялары нақтыланады, сондай-ақ олардың ортағасырлық сауда-экономикалық байланыстар жүйесіндегі рөлі айқындалады. Жобаның ғылыми жаңалығы археологиялық далалық деректерді геофизикалық, радиокөміртекті, физика-химиялық және изотоптық талдау нәтижелерімен біріктіруде, сондай-ақ тарихи топография мен қоныстардың кеңістіктік құрылымын қайта жаңғырту үшін 3D-модельдеу мен ГИС-картографиялау технологияларын қолдануда көрініс табады. Алғаш рет Алтын Орда дәуіріндегі Сарыарқаның археологиялық ескерткіштеріне арналған кешенді деректер базасы — цифрлық модельдер, талдамалық материалдар мен картографиялық қабаттардан тұратын жүйе жасалады. Зерттеу нәтижелері Қазақстанның ортағасырлық археологиясын әдістемелік тұрғыдан жаңғыртып, салыстырмалы және өңіраралық зерттеулерге негіз бола отырып, археологиялық деректерді білім беру, музей ісі және мәдени туризм салаларында қолдануға жаңа мүмкіндіктер ашады.

Материалы исследования будут интегрированы в образовательные программы вузов, применены в создании музейных экспозиций и интерактивных выставок. Разработанные на основе данных проекта туристические и образовательные маршруты станут инструментом популяризации культурного наследия региона. Проект обладает высоким потенциалом коммерциализации. Цифровые ресурсы, мультимедийные реконструкции и 3D-модели могут быть реализованы через партнерство с музеями, туристическими компаниями и образовательными учреждениями. Создание брендированных туристических маршрутов, научно-популярных фильмов и интерактивных платформ обеспечит устойчивое развитие культурно-исторического туризма и повышение инвестиционной привлекательности региона.

Зерттеу материалдары жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына енгізіліп, музейлік экспозициялар мен интерактивті көрмелерді жасау барысында қолданылатын болады. Жоба нәтижелері негізінде әзірленген туристік және білім беру бағыттары өңірдің мәдени мұрасын насихаттаудың тиімді құралына айналады. Жобаның коммерцияландыру әлеуеті жоғары. Сандық ресурстар, мультимедиялық реконструкциялар мен 3D үлгілер музейлермен, туристік компаниялармен және білім беру ұйымдарымен серіктестік арқылы іске асырылуы мүмкін. Брендтік туристік бағыттарды, ғылыми-көпшілік фильмдерді және интерактивті платформаларды жасау мәдени-тарихи туризмнің тұрақты дамуын қамтамасыз етіп, өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Результаты проекта будут внедрены в научную, образовательную и культурно-просветительскую деятельность. Научные данные станут основой для публикаций, учебных курсов и музейных экспозиций. Созданные 3D-модели и база данных будут использоваться в исследованиях, образовательных программах и туристических маршрутах, способствуя сохранению и популяризации культурного наследия Сарыарки.

Жобаның нәтижелері ғылыми, білім беру және мәдени-ағартушылық қызметке енгізіледі. Ғылыми деректер жарияланымдар, оқу курстары мен музейлік экспозициялардың негізіне айналады. Құрылған 3D үлгілер мен деректер базасы зерттеулерде, білім беру бағдарламаларында және туристік бағыттарда пайдаланылып, Сарыарқаның мәдени мұрасын сақтау мен насихаттауға ықпал етеді.

Установление тесных связей с региональными органами управления, ответственными за охрану памятников. Это включает совместное планирование мер по защите объектов от разрушения и незаконной деятельности (например, вандализма). Поддержка общественных организаций, занимающихся сохранением культурного наследия, что усиливает их влияние и эффективность.

Ескерткіштерді қорғауға жауапты өңірлік басқару органдарымен тығыз байланыс орнату. Бұл нысандарды бұзылудан және заңсыз әрекеттерден (мысалы, вандализмнен) қорғау шараларын бірлесе жоспарлауды қамтиды. Мәдени мұраны сақтау ісімен айналысатын қоғамдық ұйымдарды қолдау – олардың ықпалын және тиімділігін арттыра түседі.

Полученные результаты проекта будут востребованы для создания специализированных курсов по археологии и истории древнего Казахстана в высших учебных заведениях, разработки перспективных туристических маршрутов, организации экспозиций и экскурсий в историко-краеведческих музеях. Они также найдут применение при подготовке образовательных программ и материалов для молодежи, а также создании познавательных передач в средствах массовой информации. Целевой аудиторией результатов проекта станут научно-исследовательские институты, музеи, высшие и средние учебные заведения. В частности, это специалисты-археологи, студенты, магистранты и докторанты исторических и культурологических направлений казахстанских вузов, а также школьники, работающие над научными проектами. Кроме того, материалы будут интересны широкой аудитории, увлеченной изучением древней истории Казахстана.

Жоба нәтижелері жоғары оқу орындарында Қазақстанның ежелгі археологиясы мен тарихы бойынша арнайы курстарды әзірлеуге, болашағы бар туристік бағыттарды жасауға, тарихи-өлкетану музейлерінде экспозициялар мен экскурсияларды ұйымдастыруға сұранысқа ие болады. Сонымен қатар, бұл материалдар жастарға арналған білім беру бағдарламалары мен оқу құралдарын дайындау барысында, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында танымдық бағдарламалар жасау кезінде де кеңінен қолданыс табады. Жобаның нәтижелерінің мақсатты аудиториясы – ғылыми-зерттеу институттары, музейлер, жоғары және орта білім беру мекемелері. Атап айтқанда, бұл – қазақстандық жоғары оқу орындарының археология, тарих және мәдениеттану бағыттары бойынша білім алып жатқан студенттер, магистранттар мен докторанттар, сондай-ақ ғылыми жобалармен айналысатын мектеп оқушылары. Бұдан бөлек, жоба материалдары Қазақстанның көне тарихын қызығушылықпен зерттеп жүрген кең аудиторияға да қызықты болмақ.

UDC indices
902/904
International classifier codes
03.41.00;
Key words in Russian
Улус Жошы; Золотая Орда; Сарыарка; Северный и Центральный Казахстан; Ишим; Терисаккан; Средневековье; Городище; Поселение;
Key words in Kazakh
Жошы Ұлысы; Алтын Орда; Сарыарқа; Солтүстік және Орталық Қазақстан; Есіл; Терісаққан; Ортағасыр; Қалашық; Қоныс;
Head of the organization Оңғар Ақан Кандидат исторических наук / ассоцированный профессор
Head of work Билялова Гульзат Дулатовна доктор философии (PhD) / научный сотрудник